
Түркістан қаласында еліміздің туристік әлеуетін арттыру мақсатында ҚР Ішкі істер министрлігінің бастамасымен туристік полиция құрылған болатын. Содан бері инспекторлар шетел азаматтарының рухани астанадағы жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп келеді.
Бүгінде туристерге 25 маман қызмет көрсетеді. Олар Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен Керуен сарай кешені, Президент саябағы сынды туристер көп кездесетін орындарда қызмет етеді.
Түркістан қаласында туристік полиция бір айда 650 азаматқа қызмет көрсеткен. Полиция қызметкерлері қаладағы туристік бағыттарды түсіндіріп, такси шақыруға көмектесіп, қажетті көмек көрсетеді. Шетелдіктерден басқа, отандастарымызға да көмек береді. Туристік полиция қызметкерлері бейнетіркеуіштермен, планшеттермен, рациямен жабдықталған. Олар қазақ, орыс, түрік, қытай, ағылшын тілдерін және еліміздің тарихын жетік меңгерген. Бұдан бөлек, қала аумағында туристерге арналған «SOS» батырмасы жұмыс істейді.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
