Шымкенттік полицейлер синтетикалық есірткі жас ұрпаққа қауіпті екенін оқушыларға түсіндіріп жатыр

Кез келген ата-ана балаларының болашағына, олардың әртүрлі зиянды заттардың әсерлерінен келетін қауіпке бейжай қарамауы керек. Біздің ортақ мақсатымыз – жасөспірімдер арасында нашақорлықтың таралуына жол бермеу, олардың есірткі ортасына түсіп кетпеудің алдын алу.

​Осы орайда, аталған мақсатта Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері Қаратау ауданындағы №114 мектепке барып, жоғары сынып оқушыларымен кездесті. ​Іс-шараға Шымкент қаласы полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция майоры Бауыржан Карбеков және Есірткі құқық бұзушылығының профилактикасы жөніндегі кеңес мүшесі Бахадыр Бекарыс қатысты. ​Олар оқушылармен тәлім-тәрбиелік сұхбат жүргізіп, құқық бұзушылық және тәртіп бұзушылық жол бермей, жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын дұрыс ұстануға және бос уақытын тиімді пайдаланып, жан-жақты дамуға шақырды. ​Сонымен қатар, қылмыстық жауапкершілік жасын түсіндіріп, оның ауыр зардаптарға алып келетінін, болашақта жақсы азамат болу үшін мектеп кезінен бастап үлгілі тәртіп және білімімен ерекшелену қажеттілігін жеткізді. ​Адамның өмірі мен денсаулығы, құқықтары мен бостандығынан асқан ешқандай қымбат дүниелердің жоқтығын атап өтіп, қауіпсіз қоғам құру еліміздің әрбір азаматының міндеті екеніне тоқталды.

Нашақорлық мәселесі жалпыға бірдей маңызды, бүкіл әлем қазіргі қоғамның ауруымен күресуде. Жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алудың ең қарапайым, тиімді және қолжетімді профилактикалық әдісі жасөспірімдермен белсенді түсіндіру жұмысы болып табылады.

Осы орайда, Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері Тұран зияткерлік мектебінде де «Есірткінің зияны мен зардаптары туралы» тақырыпта кездесу өткізді.

Оған Есірткі қылымысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция майоры Қыдыр Алмас қатысып, жасөспірімдер арасында көптеп кездесетін мәселелерге тоқталып, зиянды әдеттердің қауіптілігі ескертіліп, олардан аулақ болу, салауатты өмір салтын ұстану қажеттілігі туралы түсіндіріп, жат қылықтардан аулақ болуға шақырды.

Сондай-ақ, құқықтық сауаттылық пен психологиялық бағытта толыққанды ақпарат айтылып, оқушылармен кері байланыс орнатылды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You