
Шымкент қаласы прокуратурасының үйлестіруімен Жеке сот орындаушыларының палатасы және «Маида» медиация орталығы алименттік міндеттемелерді орындау кезінде медиацияны қолдану саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Құжат алимент төлеушілер мен алушылар арасындағы дауларды баламалы жолдармен реттеуді дамытуға бағытталған. Тараптар атқарушылық іс жүргізуге қатысушыларды медиацияның артықшылықтары туралы хабардар ету, түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ медиативтік келісімдер жасасуға және орындауға жәрдемдесу бойынша бірлесіп жұмыс істеуге келісті. Мұндай тәсілдің тиімділігі тәжірибеде дәлелденіп отыр. Мәселен, ерлі-зайыптылар алимент және балалардың тұрғылықты жері жөніндегі дауды медиативтік келісім жасасу арқылы реттей алды. Келісімге сәйкес атқарушылық құжат өндірушіге қайтарылып, тараптар өзара келісімге келді.
Медиацияның артықшылықтары айқын: ️дауды бейбіт жолмен шешу, жеке сот орындаушысының қызметін төлеу шығындарының болмауы, сондай-ақ медиативтік келісім орындалмаған жағдайда оны қайтадан сот орындаушысына мәжбүрлеп орындатуға беруге мүмкіндік бар.
Мұнан өзге «Заң мен Тәртіп» қағидасы аясында аудан прокуратурасы тарапынан Қаратау ауданы аумағында есірткі қылмыстарын алдын алу мақсатында рейдттік және профилактикалық іс шарасы өз жалғасын табуда. Іс-шара аясында аудан аумағындағы Бозарық шағын ауданы тексерілді. Тескеру барысында Бозарық мөлтекауданындағы Тоныкөк көшесінің бойында Қ. есімді азаматты тоқтатып, есірткі затына ұқсас заты бар екені анықталған. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі таңда Қ. есімді азамат өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына жабылды.
Сонымен қатар аудандағы адам көп шоғырланатын ойын-сауық орталықтары мен көңіл көтеру орындарында құрамында есірткі заты бар тыйым салынған заттарды қолдануға және таратуға болмайтындығы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді және Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 441-бабына сәйкес 6 хаттама толтырылды.
Есірткі демекші, Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығы, «Жастар рухы» ЖҚ және Полиция департаменті бірлесіп, «STOP! Graffiti» есірткіге қарсы акциясын ұйымдастырды. Шара аясында қала көшелеріндегі графикалық үлгідегі 20-дан аса есірткі жарнамалары өшірілді.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
