Шымкент қаласында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және құқық бұзушылықтардың деңгейін төмендету мақсатында Шымкент қаласы аумағында республика көлемінде ұйымдастырылған «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Аталған іс-шара барысында патрульдік полиция полкінің қызметкерлері көлік құралдарын басқару кезінде жүргізушілер тарапынан жиі кездесетін заңбұзушылықтарды анықтауға, сондай-ақ азаматтар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге баса назар аударуда. Негізгі мақсат – жолдағы қауіпсіздікті сақтау, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің құқықтық мәдениетін арттыру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері «Бір нүктелік» рейдтік іс-шарасын ұйымдастырып, қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы ережелерінің сақталуын қадағалау үстінде. Рейд барысында жол қозғалысына қатысушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтау мен жаяу жүргіншілерге жол беру, сондай-ақ көлік құралдарының техникалық жағдайына назар аудару қажеттілігі ескертілді.

Сонымен қатар, көлік құралын басқару кезінде заңбұзушылықтарға жол берген азаматтарға қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, олардың алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар атқарылуда. «Патрульдік полиция полкі жол-көлік оқиғаларының алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы іс-шараларды жалғастырады» — дейді жауаптылар.

Мәселен, Шымкент қаласы Патрульдік полиция полкі командирінің орынбасары, полиция капитаны Төлеубек Арықбаевтың бастамасымен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында «SHYMKENT DTP» парақшасында жарияланған құқық бұзушылық дерегі назарға алынды. Аталған дерек бойынша полк қызметкерлері жедел әрекет етіп, құқық бұзушылар анықталып, заң талаптарына сәйкес оларға қатысты әкімшілік шаралар қолданылды.

«Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтардың әлеуметтік желілерде жариялануы полиция органдары тарапынан міндетті түрде қаралады. Мұндай фактілер бойынша тиісті тексеру жүргізіліп, кінәлі тұлғалар жауапкершіліктен тыс қалмайды. Бұл бағыттағы жұмыстар «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Іс-шараның негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау және жол қозғалысына қатысушылардың жауапкершілігін арттыру» — дейді тәртіп сақшылары.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You