Шымкент: Еңбекші ауданының әкімі 9 айда атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтеновке 9 айдың қорытындысы бойынша Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ильясов есеп берді.


Есепті кездесуге қала әкімінің орынбасары мен басқарма басшылары қатысты. Аудан әкімі өз баяндамасында мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы мен атқарылған жұмыстары жөнінде мәлімдеді.
Қала әкімі Еңбекші ауданын аралау барысында көрген кемшіліктер бойынша аудан әкімінің жұмысын сынға алды. Мәселен, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда кейбір салада төмен көрсеткіштер бар екені айтылды. Атап айтқанда, қысқы жылыту маусымына дайындық өз деңгейінде емес. Қатты отынды пайдаланатын 1632 жеке тұрғын үйге 5068 тонна көмір қажеттілігі бар. Аудан әкімдігі тарапынан тек 4800 тонна жеткізілген.
— Тұрғындар қалың қар түскен кезде қиналып жүрмеуі үшін, бүгін дайындықты толығымен атқару керек. Әрбір үйге жылудың қосылғанын жеке тексеріп шығу қажет. Күзгі жауын-шашынға ирригациялық арықтар да толық тазаланбаған. Сонымен қатар, мына індет баршаны санитарлық тазалыққа үйретіп жатыр. Ал ауданды араласаң тек орталық жерлер ғана тазаланып, қалған шалғай мекендерде әр жерде қоқыс шашылып жатқаны көзге шалынады. Коммуналдық жұмыстар нашар деңгейде жүргізіліп жатыр, -деді қала әкімі.
Кемшіліктердің мерзімінде орындалмағанын айтқан Мұрат Әйтенов аудан әкіміне сөгіс беру жөнінде шешім қабылдады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

 
Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.