
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жастар арасында жасалатын қылмыстарды анықтау және жолын кесу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде.
ҰҚҚКБ қызметкерлері қаладағы жатақхана студенттері арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мақсат өскелең ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыруды, жоғары оқу орындары мен колледж студенттері арасында құқық бұзушылықтың алдын алуды көздейді.
Полицейлер студенттер арасындағы қылмыстың алдын алу, атап айтқанда, бопсалау мен қорлаудың алдын алу әдістерін әзірледі және талқылады. Сонымен қатар тәртіп сақшылары студенттерге бопсалау, бұзақылық және басқа да заңсыз әрекеттер жасаудың құқықтық салдары туралы түсіндірді.
«Жастар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу жұмыстары Шымкент қаласы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында және бұл бағыттағы жұмыс тұрақты түрде жалғасады», — дейді тәртіп сақшылары.
Бұдан бөлек “Болашақ” жоғары колледжі жастары арасында құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында кездесу өтті. Кездесу барысында жастарға құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамда жауапкершілік пен құқықтық мәдениетті қалыптастыру тақырыптары түсіндірілді. Іс-шараға Тұран аудандық полиция басқармасы ЖПҚБ ЮПБ УПИ полиция лейтенанты Алдияр Арынбек қатысып, жастарға заң талаптарын сақтау мен өз құқықтары мен міндеттерін білу маңыздылығын атап өтті.
Мұнан өзге Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау аудандық Полиция басқармасының ювеналды полиция қызметкерлері “Азимед” медицина колледжінің студенттеріне де дәріс өткізді. Есірткі қылмысының жастар арасында белең алуын, болашақтарына кедергі екендігін және жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын-алу мақсатында түсіндірме жұмысын жүргізді.
Сонымен бірге Шымкент қаласы Отырар колледжінде Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы ЖПҚБ КТІЖ инспекторлар колледж студенттеріне профилактикалық түсіндірме жұмыстары – балалардың қауіпсіздігін, денсаулығын, құқықтық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ теріс қылықтардың алдын алуға бағытталған шаралар жиынтығы. Мұндай жұмыстарды мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер, полиция инспекторлары, дәрігерлер мен психологтар бірге жүргізеді.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
