
Іс-шараның негізгі мақсаты – жолаушылар мен жүктерді заңсыз тасымалдаудың алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көлік құралдарының техникалық жай-күйіне бақылауды күшейту.
Осы бағытта Шымкент қаласы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жолаушылар тасымалымен айналысатын көлік құралдарын тексеріп, жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауын қадағалауда. Полиция қызметкерлері рейд барысында көлік құралдарының техникалық талаптарға сәйкестігін, жүргізушілердің демалыс режимін сақтауын ерекше назарда ұстайды.
10–12 қазан аралығында өтіп жатқан «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Шымкент қаласы Патрульдік полиция полкі қызметкерлері «Alphard» және «Starex» маркалы автокөліктерді тексеруде. Тексеру барысында жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзу, көліктердің техникалық жай-күйін және құжаттарының заңдылығын қадағалау бағытында шаралар жүргізілуде. Мақсат — жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және заңсыз тасымалдаудың алдын алу.
Шымкент қаласы Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында «Toyota Alphard» маркалы автокөліктерді тексеру барысында бірқатар заңбұзушылықтарды анықтады. Тексеру кезінде кейбір көлік құралдарының жолаушыларды тасымалдау талаптарына сай еместігі және жүргізушілердің жол қозғалысы кезінде ұялы телефон пайдаланғаны белгілі болды. Аталған құқықбұзушылықтар бойынша жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында тексеріс шеңберінде Шымкент қаласы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері республика көлемінде өтіп жатқан 10–12 қазан аралығындағы «Тасымалдаушы» іс-шарасы барысында бірнеше жолаушылар автобустарын анықтады. Тексеру нәтижесінде олардың кейбірі қойылған талаптарға сай еместігі белгілі болды. Аталған деректер бойынша заң аясында тиісті шаралар қабылданды.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
