Шымкенттік полицейлер жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша қауіпсіздік сабағын өткізді

«Заң және тәртіп» қағидаты аясында Шымкент қаласында полиция департаментінің қызметкерлері №148 жалпы білім беретін мектептің жоғары сынып оқушыларына арналған «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында қауіпсіздік сабағын өткізді.

Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, заң алдындағы жауапкершілік жөнінде түсінік қалыптастыру және интернет кеңістігінде, сондай-ақ күнделікті өмірде қауіпсіздік ережелерін сақтау мәдениетін нығайту.
Кездесуге 8–11-ші сынып оқушылары қатысты. Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор жасөспірімдерге құқықбұзушылық түрлері мен әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік жасы туралы айтып берді. Ашық диалог форматында өткен сабақта оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, белсенді пікір алмасты. Сонымен қатар, тәртіп сақшысы интернет қауіпсіздігі тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Полицейлер желідегі алаяқтықтың кең тараған түрлері мен қорғану тәсілдерін түсіндіріп, оқушыларға жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттігін еске салды. Кездесу барысында оқушылар өз туыстары тап болған интернет-алаяқтық оқиғалары туралы айтып, пікірталасқа белсенді қатысты. Полиция департаменті өкілдерінің айтуынша, мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, жеке қауіпсіздік деңгейін арттыруға, сондай-ақ полиция мен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға ықпал етеді.

Бұдан бөлек «Заң және тәртіп» қағидаты аясында Шымкент қаласындағы №65 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназияда да полиция қызметкерлері жоғары сынып оқушыларына арналған профилактикалық қауіпсіздік сабағын ұйымдастырды. Іс-шараға шамамен 100 оқушы қатысты.

Кездесудің мақсаты жасөспірімдер арасында қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, құқықтық сауаттылығын арттыру және құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады. Полицейлер жасөспірімдерге жеке қауіпсіздік ережелерін мен қоғамдық орындарда тәртіп сақтау туралы айтып, құқық бұзушылықтар үшін қарастырылған жауапкершілік жөнінде түсіндірді. Кездесу соңында оқушыдар мен мұғалімдер ұйымдастырушыларға пайдалы әрі маңызды сабақ өткізгені үшін алғыс білдірді.

Сондай-ақ “Заң және тәртіп” қағидаты аясында Шымкент қаласындағы Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназияда да полиция қызметкерлерінің қатысуымен профилактикалық кездесу өтті. Іс-шара жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыру мен құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталды. Кездесу барысында оқушылармен киберқылмыстарға қатысқаны үшін жауапкершілік, есірткі қолданудың қауіптері, зорлық-зомбылық пен буллингтің салдары, сондай-ақ өз құқықтарын қорғау тәсілдері талқыланды.

Спикерлер тәжірибеде кездескен мысалдарды келтіріп, жастардың сұрақтарына жауап берді.

Ұйымдастырушылар мұндай кездесулер құқық бұзушылықтың ерте алдын алуға және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You