Шымкент қаласында инженерлік инфрақұрылым жүйелерімен қамтамасыз етуде бірқатар жұмыстар қолға алынбақ.
2021 жылы 26 мыңға жуық тұрғынды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда. 2020 жылы 19 нысанның (17 елдімекен) және 2 магистралды суаққының құрылысы аяқталып, 34 мыңға жуық тұрғын (12500 абонент) сапалы ауыз сумен қамтылды. Жыл қорытындысы бойынша сапалы ауыз сумен қамту көрсеткіші 94,7%-дан — 95,6%-ға өсті.
Қазіргі таңда қалада 81 елдімекеннің 69-ы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілсе, 5 елдімекен кесте бойынша (Сайрам, Құрсай, Қайнарбұлақ, Сәуле, Жаңаталап), 7 елдімекен тасымалды ауыз суды пайдалануда (Тұран, Солтүстік саяжай, Ынтымақ-2, Батыс, Жаңатұрлан, Ақтас, Асар-2).
Биыл 9 елдімекенде құрылыс жұмыстары (Тұран, Солтүстік саяжай, Ынтымақ-2, Батыс, Жаңа Тұрлан, Асар-2, Ақтас, Жаңаталап, Сәуле) жүргізіледі. Аталған елдімекендерде құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін 25,6 мың адам ауыз сумен қамтылады. Жыл қорытындысы бойынша қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту көрсеткіші 95,6%-дан — 98%-ға өседі. Сонымен қатар, 3 магистралды суаққының құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі.
Жалпы 2022-2025 жылдары қаланың оңтүстік бөлігінің ауыз су сапасын жақсарту мақсатында «Сайрам су» жаңа ауыз су көзінің және 22 шақырым магистралдық суаққының құрылысын жүргізу жоспарда.
«ANYQ.KZ-ақпарат»
You are in reality a just right webmaster. The site
loading pace is incredible. It seems that you are doing
any distinctive trick. Moreover, the contents are masterpiece.
you have performed a wonderful process on this
subject! Similar here: zabawka.shop and
also here: Ecommerce