Сауран ауданы: Оранғай ауылындағы Байылдыр–Қарашық өзенінің жағалауында жаңа коммуналдық жағажай ресми түрде ашылды

Loading

Жазғы демалыс маусымының басталуына орай, тұрғындардың қауіпсіз әрі жайлы демалысын қамтамасыз ету мақсатында Оранғай ауылындағы Байылдыр–Қарашық өзенінің жағалауында жаңа коммуналдық жағажай ресми түрде ашылды.

Жағажайда келушілер үшін барлық қажетті жағдайлар қарастырылған. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында кәсіби құтқарушылар тұрақты кезекшілік атқарады. Аумақ күнделікті тазартылып, санитарлық талаптар қатаң сақталады.

“Өздеріңіз бен балаларыңыздың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарап, суға түсу ережелерін қатаң сақтауларыңызды сұраймыз”, — дейді жауаптылар осы ретте.

Естеріңізде болса, 17 маусымда Сауран ауданы әкімдігі, аудандық прокуратура және аудандық төтенше жағдайлар бөлімі бірлесе ұйымдастыруымен Оранғай ауылдық округі аумағындағы “Байылдыр-Қарашық” өзені бойында орналасқан белгіленбеген суға түсу орындарында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.

Шараға Сауран ауданы прокурорының орынбасары Е.Ахметов, Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Қ.Алиханов, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы М.Қуанышбаев, аудан әкімдігінің төтенше жағдайларға жауапты бас инспекторы Ж.Ален, Оранғай ауылдық округінің әкімі Б.Қуандық, ішкі саясат бөлімі, сондай-ақ төтенше жағдайлар бөлімінің жеке құрамы, учаскелік полиция инспекторлары мен ерікті жастар қатысты.

Үгіт-насихат жұмыстары барысында “Байылдыр-Қарашық” өзенінің жағалауында демалып жүрген тұрғындармен және балалармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, белгіленбеген және жабдықталмаған су айдындарында шомылудың қауіптілігі туралы және тазалықты сақтау жөнінде жан-жақты ақпарат берілді. Азаматтарға суға түсу кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау, балаларды қараусыз қалдырмау, мас күйде суға түспеу және тек арнайы рұқсат етілген орындарда ғана шомылу қажеттігі түсіндірілді.

Сонымен қатар, тұрғындарға судағы қауіпсіздік ережелері жазылған арнайы жадынамалар мен ақпараттық парақшалар таратылып, төтенше жағдай туындаған жағдайда әрекет ету тәртібі жөнінде кеңестер берілді. Осындай іс-шаралар аудан көлемінде алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады. Сауран ауданы әкімдігі азаматтарды су айдындарында демалу кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға және балалардың өмірі мен денсаулығына ерекше көңіл бөлуге шақырады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You