Шымкент: Өткен тәулікте 313 нысанға тексеру жүргізілді

Шымкентте арнайы құрылған мобильді топ өткен тәулікте 313 нысанға тексеру жүргізілді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.


Шымкент қаласында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын бақылайтын 22 мобильдік топ жұмыс атқаруда.

Қалада 5 сәуір күні 313 нысанға (кәсіпкерлік нысан – 303, жеке нысан – 10) тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 11 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Сонымен қатар, 5 сәуір күні КВИ-дің 30 жағдайы тіркелді: 14 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 16 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1380 орын бар (қалалық инфекциялық орталық – 560, Атамекен клиникасы – 500, «14 емдеу орталығы» — 320 орын). Төсек-орын толымдығы – 26 %. 1009 төсек-орын бос. Инфекциялық стационарда 371 науқас емделуде (5 ИВЛ, 4 НИВЛ).

Қала тұрғындарын санитарлық талаптарды орындауға, қоғамдық орындарда бетперде тағып жүруге шақырамыз.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

7 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.