«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен маңызды жиын өтті.
«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен партия филиалы тарапынан бақылауға алынып, оңтайлы шешілген мәселелер, сондай-ақ, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Қоғамдық кеңесінің 2020-2021 жылдары атқарған жұмыстарын қортындылау бойынша іс-шара өтті.
Жиында қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева оң шешілген мәселелер бойынша баяндама жасады. Баяндамаға сәйкес, 2020 жылы партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне 25242 өтініш түскен. Оның: 70-ке жуық пайызы оң шешімін тауып, қалғаны бойынша заңға сәйкес түсінік берілген. Атап айтар болсақ, «Birgemiz» қоры арқылы қаржылай және азық-түлік себеттерімен 13000-ға жуық азамат көмек алған. Тағы 3000-дай адамға демеушілер есебінен әлеуметтік, қаржылай, материалдық көмектер көрсетілгені айтылды.
Кездесуде одан әрі, Водопьянов көшесі №1 а үй, «Таскен», «Азат» тұрғын алабтары тұрғындарының оң шешілген мәселелері бойынша ұсыныс пікірлері тыңдалды.
Ал, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Қоғамдық кеңесінің төрағасы Тасқынбай Бүрлібаев кеңестің 2020-2021 жылдары атқарған жұмыстары бойынша, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрайымы Дария Қожамжарова комиссияның 2020-2021 жылдары атқарған жұмыстары жайында баяндама оқыды.
Шаһар басшысы Мұрат Әйтенов партиялық бақылау комиссиясының атқарған жұмыстары көп екенін, бірақ мониторинг жұмыстарын әлі де күшейту қажет екенін айтып, қалалық партия филиалына бірқатар тапсырмаларды жүктеді.
Сондай-ақ, жиында қаладағы құрылыс жұмыстарын сапалы әрі өз мерзімінде жүргізген мекеме басшыларына қала әкімі Мұрат Әйтенов атынан алғыс хаттар табысталды. Әкім алғыс хатын «Отау Строй» ЖШС-нің президенті Қайрат Молдасейтов, «Арт Құрылыс» ЖШС-нің директоры Ануар Төлендиев, «Ақ Орда» ЖШС-нің директоры Сайдулла Қалыбеков алды.
Айта кетейік, мұндай мазмұндағы алғыс хаттар Шымкент қаласы әкімі атынан алғаш рет табысталуда.
«ANYQ.KZ»-ақпарат