
Шымкент қаласы Ауыл шаруашылығы басқарма басшысы А.Қаныбеков қала әкімі М. Әйтеновке Басқарманың 2021 жылдың І-тоқсанында атқарылған жұмыстары жөнінде есеп берді.
Өз есебінде басқарма басшысы А.Қаныбеков ең алдымен саладағы жалпы көрсеткішке тоқталып өтті.
Атап өткенде, мал шаруашылығы бойынша өнімдерді өндіру өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда: ет (тірі салмақта) 7,7 % артып 2,8 мың тонна, сиыр сүті 4,8% артып 8,8 мың тонна, ал жұмыртқа 12,1% артып 40,7 млн. дананы құрады.
Бұдан әрі қаладағы ветеринариялық қауіпсіздік те басты назарда екенін айтып өткен басқарма басшысы А.Қаныбеков бүгінді таңда жүргізіліп жатқан іс-шараларға тоқталып өтті.
Қалада маусымдық жұмыстар басталып, эпизоотияға қарсы іс-шараларға 29 түрлі ауруға қарсы диагностикалық зерттеулер жүргізіліп, бруцеллезге 34,0 мың бас малдан қан сынамасы алынды. 14 түрлі жұқпалы ауруларға қарсы жоспарланған 215,5 мың басқа профилактикалық егу жұмыстары жүргізілді.
Ал, 2021 жылы құны 16,3 млрд. тг. құрайтын 28 инвестициялық жобаны іске асырылып, 1500 — ге жуық жаңа жұмыс оыны ашылатын болады.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
855913 661410Spot lets start work on this write-up, I actually believe this wonderful site requirements additional consideration. Ill far more likely be once again you just read additional, thank you that information. 626024
728443 267327Hello fellow internet master! I genuinely enjoy your internet site! I liked the color of your sidebar. 383980