Шымкент: Бей берекет қоқыс тасталатын орындарда бақылау күшейтіледі

Абай ауданында көпқабатты тұрғын үйлердің ауласындағы қоқыс контейнерлері күніне 2 рет, жеке тұрғын үйлер аптасына 1 рет тазаланады.


Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Биыл 258 көпқабатты тұрғын үйдің ауласы мен 727 көшенің санитарлық және ирригациялық жүйелерін қоқыстан тазалау жұмыстары тиісті мердігер мекеме атқаруда. Бұл туралы аудан әкімі Б.Парманов баяндады.

453 көпқабатты тұрғын үй аулаларындағы қатты тұрмыстық қалдықтар тасталатын 112 контейнер алаңшасында 485 контейнер қойылған. Жеке тұрғын үйлерде 8 камаз (12 жұмысшы), көпқабатты тұрғын үйлерде 3 камаз (38 жұмысшы) кесте бойынша тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен бірге, алдағы уақытта жер асты өткелдері жөндеуден өтпек.

Аудан әкімінің баяндамасын тыңдаған қала әкімі шатқалдағы бей берекет қоқыстың тасталуын жою үшін рейдтер мен бейне бақылауды күшейту керек екенін айтты. Айта кетейік, бұдан алдыг қала басшысы қаланың тазалығы баршаның міндеті екенін айтып, тұрғындарды тазалыққа шақырған болатын.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.