Шымкент: Бірқатар көшелерде жаяу жүргіншілерге арналған жолақта “Сергек” іске қосылды

Шымкентте бірқатар көшелерде жаяу жүргіншілерге арналған жолақта “Сергек” аппараттық-бағдарламалық кешені іске қосылды.


Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі хабарлады.

Департаменттің мәлімдеуінше, Шымкент қаласы, Б.Момышұлы көшесі «Шымкент Цирк» тұсында жаяу жүргіншіге арналған жолақта “Сергек” аппараттық- бағдарламалық кешені іске қосылды. «Жылдамдық 40 км сағатына, автокөлік егелеріне жол ережесін сақтап, жылдамдықты арттырмауға шақырамыз», — делінген хабарламада.

Жалпы Шымкент қаласы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы әкімшілік практика бөлімімен жол қозғалысы ережелерін бұзудың көрсеткіштері зерделенді.

Осы орайда, таяуда Шымкентте «Сергек» камераларының орны ауыстырылды. «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені төмендегі көшелердің бойына ауыстырылған болатын:

— Темірлан тас жолы бойында орналасқан «Жолшы» дүкені жанына; (жылдамдық 60 км сағатына)

— Арғынбеков көшесі бойындағы Шымкент SPA кешені тұсына;

(жылдамдық 60 км сағатына)

— Бәйдібек би даңғылы бойындағы Aster Auta кешені маңайына;

(жылдамдық 40 км сағатына)

— Б.Момышұлы көшесі бойындағы «Шымкент Цирк» тұсына;

(жылдамдық 40 км сағатына)

Полиция департаменті қала тұрғындарынан жол қозғалысы ережелерін сақтауды және жылдамдықты асырмауды сұрайды.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.