Қала әкімінің орынбасары азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков онлайн режимде 20-дан астам азаматты жеке мәселелері бойынша қабылдап, өтініштерін тыңдады.


Тұрғындар негізінен тұрғын үй, әлеуметтік қолдау, жұмыспен қамту және «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант алуға байланысты мәселелерін жеткізді.

Е. Білісбеков әр тұрғынның мәселесін мұқият тыңдап, заң аясында шешу жолдарын түсіндірді.

Онлайн қабылдауда болған азаматтардың ішінде тұрғын үй кезегіне осыдан бір жыл бұрын тұрған немесе кезекке мүлдем тіркелмегендер де бар. Ерғали Дәулетбекұлы азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтерлер белгіленген тәртіппен кезек арқылы берілетіндігін атап өтті. Арендалық үйлер көпбалалы отбасыларға, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары мен жұмыс істейтін жастарға қарастырылған. Сонымен қатар, «Шаңырақ 5-10-20», «7-20-25» жеңілдетілген несие бағдарламалары негізінде тұрғын үйге қол жеткізуге болады.

Қала әкімінің орынбасарына атаулы әлеуметтік көмек мәселелері бойынша да сұрақтар қойылды. Сәуір айынан бастап өтініштер электронды үкімет порталы арқылы қабылдануда.

Ерғали Білісбеков әр азаматқа өтініші бойынша толық жауап беріп, тиісті басқарма басшыларына өз құзыреті шеңберінде шешуге көмек көрсетуді тапсырды.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

8 Comments

  1. Hello there, I think your website could be having internet browser compatibility issues. When I take a look at your blog in Safari, it looks fine however when opening in Internet Explorer, it has some overlapping issues. I just wanted to give you a quick heads up! Other than that, fantastic site!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.