Шымкент қаласының әкімі 2021-2022 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық барысын пысықтады

Шымкент: Жылыту маусымында түсетін арыз-шағымдар саны азаюда.


Мәжілісте жылдан-жылға жылыту маусымында тұрғындар тарапынан түсетін арыз-шағымдар саны азайып жатқандығы айтылды. Мәселен, 2019 жылы — 359 арыз-шағым, 2020 жылы 175 арыз түсіп, 49% төмендеген. Биылғы жылыту маусымында — 147 арыз-шағым түсіп, 16% төмендеді. Бұл өз кезегінде жылу жүйесінде қызмет көрсету сапасының біршама өскендігін көрсетіп отыр.

Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Болатбеков жылыту маусымына дайындық мақсатына арнайы штаб құрылып, кестеге сәйкес жұмыстар жүргізіліп жатқанын баяндады.

Қаладағы жылу жүйелерінің тозу деңгейі өткен жылдары 42,7%-дан 38,1%-ға төмендеген болса, 2021 жылы 36,2%-ға азайған. 29,3 шақырым жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жылу жүйесіндегі 5 сорғы станциясы, 36 көпқабатты тұрғын үй, 22 бюджеттік нысан қысқа дайын.

Одан бөлек, қаладағы 12 дана жылу қазандықтың қысқы маусымға дайындалғаны 1 дана (К-54), қалған 11 қазандықта жұмыстар жалғасуда. Оның ішінде Нұрсат ш/а орналасқан «160 Гкал» қазандығы, «Тұран» ш/а орналасқан қазандығы және «Шым-Сити» ш/а орналасқан қазандығы 1.06.2021ж. — 30.06.2021ж. аралығында жоспарлы түрде тоқтатылып, тұтынушылар ыстық судан уақытша ажыратылады.

Жиналыс қорытындысында қала әкімі тиісті сала басшыларына дайындық жұмыстарын қыркүйек айының соңына дейін аяқтауды және атқарылған жұмыстарға тұрақты мониторинг жүргізуді жүктеді. 

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. Great website you have here but I was wondering if
    you knew of any forums that cover the same topics discussed in this article?
    I’d really like to be a part of community where I can get responses
    from other knowledgeable individuals that share the same
    interest. If you have any recommendations, please let me
    know. Cheers!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.