Келес: Заңсыз сыйақы үшін көрілетін жазаның күшейтілгені ескертілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық Штабының төрағасы Ерұлан Тұңғышбаев Келес ауданында жұмыс сапарымен келді.


Төраға мұнда мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен кездесіп ақпараттық — түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Парасаттылық принциптері кең көлемде дәріптелген келелі жиынның негізгі мақсаты- әділдік, айқын құндылықтарын ел ішінде кең көлемде насихаттау арқылы ел азаматтарының бойына адалдық қасиеттерін дарыту және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу.

Алқалы жиында сөз алған Штаб төрағасы бармақ басты, көз қысты әрекеттердің жолын кесу мақсатында Агенттікпен атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға тоқталып, ағымдағы жылдың 5 сәуірі күні толық күшіне енген ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексіне енгізілген өзгерістермен таныстырды.

Өз кезегінде, заңсыз сыйақы, сыйлық алу, беру әрекеттеріне қомақты айыппұл салынатынын ескертіп, парақорлық әрекеттерден аулақ болуға шақырды.

Жиын соңында сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша ұсыныс-пікірлер тыңдалды. 

ANYQ.KZ-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

  1. 989485 897920The the next occasion Someone said a weblog, Hopefully so it doesnt disappoint me approximately this. What im saying is, I know it was my choice to read, but I in fact thought youd have something fascinating to express. All I hear is often numerous whining about something which you could fix should you werent too busy searching for attention. 977478

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.