Түркістан облысында ауыл әкімдерін сайлауға 43 658 азамат дауыс берді

Түркістан облысында сайлау комиссияларының ұсынған деректеріне сәйкес, 2021 жылғы 25 шілдедегі сағат 10.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 16%-ы келген. Бұл — 43 658 азамат.


Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Атап айтқан, Арыс қаласында – 2 322 азамат (22%), Кентау қаласында – 1 116 адам (13%), Бәйдібек ауданында – 288 тұрғын (7 %), Жетісай ауданында – 3 784 дауыс беруші (14 %), Қазығұрт ауданында – 1 727 сайлаушы (9 %), Келес ауданында – 4 725 азамат (15 %), Мақтаарал ауданында – 2 490 адам (15 %), Ордабасы ауданында – 845 тұрғын (11 %), Отырар ауданында – 4 337 дауыс беруші (34 %), Сайрам ауданында – 3 273 сайлаушы (20 %), Сарыағаш ауданында – 9 116 азамат (17 %), Сауран ауданында – 1 082 адам (13 %), Созақ ауданында – 5 887 тұрғын (34 %), Төлеби ауданында – 1423 дауыс беруші (6%), Түлкібас ауданында – 1 023 сайлаушы (12 %), Шардара ауданында – 220 азамат (17 %) дауыс берген.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.