
Жетісай ауданының әкімі Мұрат Болатұлы, жұмыс жоспарнына сәйкес мақта суының тапшылығына байланысты Ынтымақ, Қазыбек би, Ш. Ділдәбеков ауыл округтерінде болып шаруалардың жағдайымен және машиналық әдіспен су сору каналының жағдайымен танысты.
Бұл туралы Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Кездесу барысында аудан әкімі қазіргі таңда Достық магистралды каналы арқылы, секундына 52 м куб судың келіп жатқанын, алдағы уақытта шаруаларға толықтай ағын су жеткізу үшін тиісті жұмыстар жүргізілетінін айтты. Және мақта зиянкестеріне қарсы күресті, мерзімінен кеш қалмай күшейту керектігін атап өтті.
Айта кетейік, трансшекаралық Достық магистралды каналымен Мақтаарал, Жетісай аудандарындағы 136 мың гектар суармалы жерлер ағын сумен қамтамасыз етіледі. Шілде айында Ташкент қаласында ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.Мырзағалиев Өзбекстан Республикасының Су шаруашылығы министрі Ш. Хамраевпен кездесу өткізген болатын. Кездесу қорытындысымен мемлекетаралық Достық магистралды каналымен Түркістан облысы Мақтаарал, Жетісай аудандарының шаруаларын ағын сумен қамтамасыз ету үшін су жіберу көлемін 80 м3/с-тан 90 м3/с дейін ұлғайтылды.
Қазіргі таңда, Достық магистралды каналымен 92 м3/сек ағын су берілуде. Сонымен қатар, шаруаларды толығымен ағын сумен қамтамасыз ету үшін Шардара су қоймасынан машиналық әдіспен су көтеру каналы іске қосылып, қосымша 10 м3/сек ағын су берілуде.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
97129 720904I was wondering if you ever considered changing the page layout of your site? Its very well written; I love what youve got to say. But maybe you could a little more in the way of content so people could connect with it better. Youve got an awful lot of text for only having 1 or 2 pictures. Maybe you could space it out better? 102995
286671 955097Sweet site, super style and style , genuinely clean and use friendly . 67489
899802 736055I like this web web site its a master peace ! Glad I detected this on google . 52541