Қазығұрт ауданы ауылшаруашылығы өнімдері Түркістан қаласындағы жәрмеңкеде қойылды. Бұл туралы Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру мақсатында, тамыз айының 6-шы жұлдызында Түркістан қаласында орналасқан «ЭКО базар» аумағында облыстық ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілуде.
Осы аталған жәрмеңкеге Қазығұрт ауданының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері де өз үлестерін қосуда.
Атап айтқанда:
«Аманкелді» ЖШС-і жеміс-жидек және көкөніс өнімдерінен – 2 тонна; «Қарқын-2030» ЖШС-і шұжық өнімдерінің 12-түрінен жалпы – 1 тонна; «Дархан» шаруа қожалығы бал (әсел) өнімдерінен – 500 кг;
«Асыл бастау.kz» ЖШС-і өндіріп жатқан минералды суынан 2 — тонна,
«CG Foods Central Asia» тез әзірленетін тағам өнімдерінен – 1 тонна және аудан шарулары картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат жалпы 5 – тонна өнімдерін жеңілдетілген бағада халыққа ұсынуда.
Айта кету керек, жәрмеңкеге облыстың 8 ауданынан келген кәсіпкерлер 20 тоннаға жуық өз тауарларын саудаға шығарды. Ыңғайлысы мұндағы баға нарықтағыдан әлдеқайда төмен.
«ANYQ.KZ» — ақпарат