Биылғы ауыл әкімдерін сайлау мәселесі бұрынғы сайлауға қарағанда, ерекше болғаны ауыл әкіміне ұсынылған үміткерді халық сайлады.
Ата заңымызда көрсетілгендей, мемлекетіміздің ең жоғары билігі халық және оның құқы болып табылады.
Бүгін ауылдық округ тұрғындарының дауыс беру қорытындысы бойынша «Nur Otan» партиясы атынан ұсынылған кандидат Тұраров Алмас Мейірбекұлы Жібек жолы ауылдық округінің әкімі лауазымына кірісті.
Алмас Мейірбекұлы жауапкершілігі мол қызметіңізге қайта оралуыңызға халық зор сенімін артып отыр. Осы сенімнің үдесінен шығып, алдағы қызметіңізге сәттілік пен жетістік тілеймін. Әлемде, соның ішінде елімізде өткен жылы басталып, бүгінгі күнге дейін аса қауіпті коронавирус инфекциясының таралуы баршамызды алаңдатып отыр.
Осыған байланысты, ауданымызда эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында Сіздерден, жергілікті жерімізде енгізілген карантин режимінің талаптарын сақтауға шақырамын, -деді аудан басшысы Уласбек Сәдібекұлы
Тұраров Алмас 1984 жылы 8 наурызда Ақсукент ауылында дүниеге келген. 2006 жылы Сайрам аудан әкімі аппаратында ұйымдастыру-кадрлық жұмыс бөлімінің жетекші маманы болып бастаған қызмет жолын.
2007 жылы сәуір айынан мамыр айына дейін Сайрам аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекші маманы,
2007-2009 жылдары Сайрам аудан әкімі аппаратында ұйымдастыру-кадрлық жұмыс бөлімінің жетекші маманы,
2009-2011 жылдары Сайрам аудан әкімі аппаратында ұйымдастыру-кадрлық жұмыс бөлімінің бас маманы,
2011 жылы 11 наурызда Ақбұлақ ауыл округінің әкім орынбасары,
2017 жылдың 11 желтоқсаннан бастап Жібек Жолы ауылдық округінің әкімі қызметін абыройлы атқарып келді.
«ANYQ.KZ» — ақпарат