Адами әлеуетті дамыту басқармасының апта ішінде атқарған жұмыстарына талдау жасады

Педагог мамандар үшін бос орындар конкурсына өтінім беру аяқталды. Бұл туралы облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы мен жобаны қолдаушы ХҚТУ ректорымен бірлесе брифинг өткізілді
Басқарма басшысының бір күндік міндетін әлеуметтік желі белсендісі, ұстаз Бауыржан Ниязбеков атқарды. Бұл бастама «23 маусым — Мемлекеттік қызметшілер» күніне орай «Өзін-өзі басқару» негізінде Түркістан облысының әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылған.
“Балаларға қуанышты күн сыйла!”. 23 маусым — Мемлекеттік қызметшілер» күніне орай Түркістан облысы әкімдігі мен басқарма қызметкерлері бірігіп, өңірдегі балалар үйлерінің 156 тәрбиеленушісін Шымкент қаласындағы «FONTAN» аквапаркіне апарып, ерекше қуаныш сыйлады.
”Облыс тарихы” атты керуен-шеру бастау алды. «2022 жыл — Балалар жылы» аясында Түркістан облысының адами әлеуетті басқармасы мен Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен оқушыларға облыстық туристік нысандар таныстырылды.
«23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне» орай Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы басқарма ұжымының еңбегін ерекше бағалап, сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
“İQANAT” Республикалық олимпиадасында облысымыздың оқушылары топ жарды. Түркістан облысынан 98 ауыл оқушысы 750 оқушы арасынан үздік деп танылып, 17 окушы IQanat High School of Burabay мектебіне өтті. 6 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Түркістан облысының оқушылары жалпы командалық есепте республика бойынша бірінші орын алды.
Түркістанда тұңғыш рет XIX Халықаралық олимпиада өткізілмек. Білім додасына қатысуға Қырғыз Республикасы, Өзбекстан мен Ресей Федерациясынан 60-қа жуық отандасымыз Түркістан төріне келді. Сондай-ақ, Иран және Монғолия Халық Республикасынан онлайн бақ сынасатындар да бар.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.