Адами әлеуетті дамыту басқармасының апта ішіндегі атқарған жұмыстарына дайджест-шолу:

 Оқу-ағарту министрлігінің аппарат жиналысы өтті. Бас қосуда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына қабылдау, мектеп директорларын ротациялау, 2022-2023 оқу жылына арнаулы білім беру ұйымдарында конкурстық іріктеуді ұйымдастыру мен өткізу және ҰБТ қорытындысы талқыланды.
 Жазғы лагерь жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Балалар жылына орай «Балауса» жазғы лагерінде кинокөрсетілім бүлдіршіндердің назарына ұсынылды.
Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы қала/аудан білім бөлімі басшыларының байланыс сымтетігі, әлеуметтік желідегі парақшалары жайлы толық ақпаратты жариялады.
 Мұғалім тапшы өңірлерге үздік педагогтарды тарту бойынша арнайы жобаға өтінім қабылдау жалғасуда. Құжаттар 11-21 шілде аралығында қабылданады. Бұл туралы басқарма мамандары БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізді.
 Өңірде «Оқуға құштар мектеп” жобасы жүзеге асырылуда. Ел Президенті тапсырмасына сәйкес,Түркістан облысы әкімдігі 2025 жылға дейін «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жобасының іс-шаралар жоспарын бекітті.
 Колледж талапкерлеріне мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орындарды тағайындау конкурсына өтініштер қабылдау жүргізілуде.
 Аймақтағы білім беру ұйымдарындағы жөндеу жұмыстарының сапалы жүргізілуі басқарма басшысының басты назарында. Бұл туралы Дінислам Болатханұлы апта сайын жауаптылардан есеп алып, тікелей тапсырмалар беруде.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.