Мақтаарал: Адами әлеуетті дамыту бөлімі «Балғын балалар — біздің болашағымыз» шарасын өткізді»

1 маусым – Балаларды қорғау күні Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына арнап «Балғын балалар – біздің болашағымыз» атты тақырыпта мерекелік іс-шара өткізді.

Іс-шараны Мақтаарал ауданының әкімі Б.Асанов пен аудандық мәслихат хатшысы Қ. Сәрсекбаев құттықтау сөз сөйлеп ашып, балаларға ізгі тілектерін білдірді. Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасары А.Ешанқұлова мен Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы М.Серікбаев, Кәсіподақ Комитетінің төрағасы А.Жолдасов, Мақтаарал аудандық әжелер кеңесінің төрайымы Ш. Құрбанбаевалар да құттықтау сөз сөйлеп, балаларға өздерінің жылы лебіздерін білдірді.
Шара барысында Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі мен Мақтаарал ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің ұйымдастыруымен балаларға балмұздақ пен шағын сыйлықтар ұсынылды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You