КЕНТАУЛЫҚ ОҚУШЫЛАР УАҚЫТТАРЫН ТИІМДІ ӨТКІЗУДІ БІЛЕДІ

Балалар жазғы демалыста өздерін жан-жақты дамытып, әдеби кітаптар оқып, білімдерін жетілдіруге ден қойған. Түркістан облысы Кентау қаласы Ататүрік атындағы 4 мектеп-лицейінің оқушылары «Оқуға құштар мектеп —жазғы демалыста» тақырыбы бойынша уақытты тиімді әрі қызықты өткізулері үшін кітап оқу мәдениетін, қиялын және шығармашылық қабілеттерін дамытып, өздеріне ұнайтын шығармаларды оқумен айналысып жатыр.

Жазғы демалыс- балалардың адамгершілік қасиеттен, олардың рухани баюын дамытатын, еңбек етуде күштерін сынайтын, жарқын әсер алатын, отбасында ата-аналарымен, табиғатта достарымен бірге кітап оқып, алған әсерімен бөлісетін, белсенділік дамытатын керемет уақыт. Сондықтан да барлық балалар мен жасөспірімдерді кітап оқуға шақырамыз!

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.