«ОТБАСЫДАҒЫ ТӘРБИЕНІҢ РӨЛІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен  жастар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың,  зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Мақсат -жастар мен жасөспірімдер арасында отбасындағы зорлық-зомбылықтың, девиантты мінез-құлықтың өз-өзіне қол жұмсау деңгейін азайту. Күйзелістік жағдайлардың  алдын-алу және жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

  • Суицидтік белсенділік 14-15 жастан бастап жасөспірімдер арасында күрт артады. Ал 16-19 жас аралығында барынша жиі орын алады,-дейді мамандар.
  • «Жасөспірімдер арасында өз өзіне қол жұмсау тыйылмай тұр. Оған апаратын жолдарды біз ата-ананың баламен арасындағы қарым-қатынасынан іздеп көруіміз керек. Қазір ата-ана басқа әлемде, бала басқа әлемде жүреді. Арада байланыс жоқ. Міне, осыдан келіп бала өзін қоғамнан алшақтап, жалғыз қалдым деп ойлайды. Мектептер мен жоғары оқу орындарында да мұғалім мен баланың арасында ресми байланыс қана бар. Осыны көрген балада «теңсіздік», «әділетсіздік» деген ой қалыптасады. Өзінің ойын толық жеткізе білмеген бала уақыт өте келе, оқшаулана береді»,-деген психологтар жастарды ата-анасына жақын болуға шақырды.

Қас қосуда кибербуллинг туралы да сөз болды. Кибербуллинг — интернет, әлеуметтік желі, түрлі сайт арқылы қоқан-лоқы көрсету. Жәбірлеуші телефонмен хабарласып немесе әлеуметтік желіде жазып, адамды қорқыта алады. Кибербуллинг жасаушы ауызша немесе белгілі бір фото, видео жариялап, қорлауы мүмкін. Сонымен қатар құрбанға зиян тигізу мақсатында ойластырылған арнайы тапсырыс аясында кибербуллинг белгілері байқалуы мүмкін. Ата-ана балаға агрессия көрсетсе, оны шектен тыс мұқатып, ұрып-соқса, бұл да буллинг болып есептеледі. Тіпті кей психолог ата-ана баласының өзгені қорқытып жүргенін байқаса, кінәні өзінен, үйден іздеуге кеңес береді. Агрессия көріп өскен бала оны басқаға бағыттауы мүмкін.

Түсіндірме жұмыстары аудан жастарының қатысуымен өткізілді.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.