ОТЫРАР: БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ 2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҒЫ ТЕКСЕРІЛУДЕ

Түркістан облыстының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті қызметкерлерімен Отырар ауданының білім бөліміне қарасты барлық мемлекеттік білім беру ұйымдарына мониторинг жұмыстары жүргізілуде.

Мониторингтік іс-шаралар барысында мектептерді оқулықтармен және ОӘК қамтамасыз ету, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, балаларды оқытуға және педагогтерді жұмысқа қабылдау қағидаларын сақтау, мектептердің материалдық-техникалық жабдықталуы, оның ішінде бейнебақылау жүйелерімен, санитариялық-гигиеналық жағдайлары және т. б. мәселелер зерделенді.

Жылдағы жоспарлы жүргізілетін мектептегі жөндеу жұмыстары тамыз айына дейін толықтай аяқталады деп күтілуде.

Ақкөл ауылында орналасқан Ж.Егембердиев атындағы шағын жинақты негізгі орта мектебінің ғимараты ыңғайластырылған, жылы әжетханасы жоқ. Жаңа ғимаратының құрылысы тоқтап тұр. Құрылыс бөлімінің хабарламасы бойынша «Мектеп құрылысын аяқтауға құрылыс салушылардың қаржысы жетпейді. Нарықта құрылыс материалдары тағы да қымбаттады. Компаниялар тұтынушылардан бюджетті қайта қарауды сұрайды» – делінген.

Бұл мектепке әжетхана қосымша салынып немесе модульді әжетханамен қамтамасыз етіледі деп жоспарланып отыр.

Мектептерде жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстары мен құрылыс барысы да жергілікті биліктің басты назарында.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.