ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНДА БЕРГЕН ТАПСЫРМАСЫ

01.09.2021 жыл
❗ АЙТЫЛДЫ:
«Қазіргі жаһандық өзгерістер кезеңінде түлектің білімі еңбек нарығына шыққанға дейін-ақ жеткіліксіз болып қалуы әбден мүмкін. Сондықтан, құзырлы министрліктің алдында оқу бағдарламаларын жаңа жағдайға бейімдеу міндеті тұр. Бұл – кезек күттірмейтін шаруа».
✅ ОРЫНДАЛДЫ:
🔺 Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының базасында оқу бағдарламаларын дайындаушылардың жұмыс топтары құрылды.
🔺 Жұмыс топтарының құрамы ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2022 жылғы 16 ақпандағы №50 бұйрығымен бекітілді.
🔺 7-17 маусым аралығында орта білім беру мазмұнын жетілдіру және оқыту бойынша жұмыс жүргізілді. Оған үздік практик-мұғалімдер, жетекші ғалымдар мен әдіскерлерден 300-ге жуық әзірлеуші қатысты.
🔺 ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 3 тамыздағы «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндер, таңдау курстары мен факультатив пәндер бойынша үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» №115 бұйрығына өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.