Сарыағаш аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің кеңейтілген V пленум мәжілісі өтті

Сарыағаш қаласындағы №66 Толыбай батыр атындағы жалпы орта мектебінің акт залында Сарыағаш аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің Кеңейтілген V Пленум мәжілісі өтті. Бұл туралы Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Пленумның күн тәртібінде:
«Сарыағаш аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитеті арасындағы 2020-2022 жылдарға арналған Әлеуметтік әріптестік туралы Келісімнің» орындалу барысы жайлы мәселе қаралды.
Пленумға Облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек, төрағаның орынбасары А.Абуов, бөлім басшысы — заңгер Ғ.Ақбердиев, маманы Б.Қилыбай, Қазығұрт аудандық кәсіподақ комитеті төрағасы С.Мусакулов, Келес аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Н.Артыков және сонымен бірге аудандық білім беру мекемелерінің басшылары, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы жалпы 200-ге жуық білім саласының қызметкерлері қатысты.
Күн тәртібіндегі қаралған мәселе бойынша, екі тараптың өкілдері, Ауданның адами әлеуетті дамыту бөлімі бсшысының міндетін қоса атқарушысы Д.Акатов, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.Тастанбеков атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасады.
Жарыссөзге: №39 Айбергенов жом, кәсіпоақ комитетінің төрағасы Ә.Мамбеталиев, №55 Жәутіков атындағы жом. директоры А.Қыстаубаев, №38 Мақатаев атындағы жом. кәсіподақ комитетінің төрайымы Р. Жанибекова, №53 Ғабдуллин атындағы жом. директоры Н.Сламов, «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы Б.Еркінбек сөзге шыгып өз ойларын ортаға салды.
Қаралған мәселеде Келісімнің орындалмай жатқан тармақтары жөнінде пікір алмасты
— Апталық оқу жүктемелердің толық берілмеуі;
— Бала күтімінде отырған мұғалималарын жұмыс орнының сақталмауы;
— Кадр қабылдауда кәсіподақ комитетінің Келісімі бойынша қабылдау;
— Орталықтандырылған бухгалтерияның міндеттерінің айқындалмауы салдарынан арыз-шағымның туындауы;
— 10% ЖЗҚ уақтылы толық аударылмауы;
— «Балақайлар мектебінде» еңбек еткен мұғалімдердің жалақысының төленбеуі;
— Шектен тыс СЭС, ТЖБ комиссиясының келіп, айыппұлдар салынуы;
— Кәсіподақ органдарының жұмысына кедергі келтірмей заңдылығын сақтау бойынша кеңінен әңгіме болды.
Соңында сұрақтарға білім бөлімінің басшысы Д.Акатов кеңінен заң аясында жауап берді.
Қорыта келе екі тарап «Келісімдегі» көрсетілген міндеттерді келісіп, жұмыла шешуге уәделесіп соңынан, 2022 жыл Әлеуметтік әріптес жылына байланысты бір қатар кәсіподақ мүшелері Түркістан облысы әкімінің Құрмет грамотасы, Түркістан облысының «AMANAT» партиясының Алғысы, Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкері» төс белгісі және Құрмет грамоталарымен, бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.