![]()
Сауран ауданына қарасты Еңбекші Дихан ауылында байланыс сапасын жақсарту бағытында кезекті жұмыс жүзеге асырылды.
«Kcell» акционерлік қоғамының ресми ақпаратына сәйкес, 2026 жылғы 11 сәуірде ауылдағы базалық станция 5G стандартына дейін жаңғыртылды. Жүргізілген техникалық жұмыстардың нәтижесінде мобильді байланыс сапасы мен интернет жылдамдығын арттыруға мүмкіндік жасалды.
Мамандардың мәліметінше, 5G технологиясын қолдайтын ұялы телефон пайдаланушылары құрылғы баптауларында желі режимін 5G форматына ауыстыру арқылы жоғары жылдамдықтағы интернетті пайдалана алады.
Аудан аумағында тұрғындарды сапалы байланыс және интернетпен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасып келеді. Бұл шаралар халықтың цифрлық қызметтерге қолжетімділігін арттыруға және заманауи телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
