
Сауран ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы мен «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында қоғамдық орындарда тазалықты сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында құрылған мобильді топтың қатысуымен кезекті рейдтік іс-шаралар өткізілді.
Рейд барысында саябақтар мен скверлер, өзен жағалаулары, демалыс аймақтары және халық көп шоғырланатын қоғамдық орындар араланып, санитарлық талаптардың сақталуы мен қоғамдық тәртіптің орындалуына бақылау жүргізілді. Нәтижесінде тазалық қағидаларын бұзудың 53 дерегі анықталды.
Анықталған құқық бұзушылықтар бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес 38 азаматқа ескерту жасалып, 15 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылды. Құқық бұзушыларға жалпы сомасы 648 750 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Қоғамдық тәртіп пен қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз етуге бағытталған рейдтік және профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады. Сонымен қатар тұрғындарға қоғамдық орындарда тазалық сақтау, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау және қолданыстағы заң талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
