ШАҺАР БАСШЫСЫ АБАЙ АУДАНЫНЫҢ ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов пен әкімдік жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес  мүшелерінің кезекті отырысы Абай ауданының жастарымен өтті. Кездесу барысында Абай ауданындағы жастар саясатын жүзеге асыру барысы баяндалды. Қала әкімі жастар арасында қозғалып жүрген өзекті мәселелер мен ұсыныстарды тыңдады. Жастар талқылауда белсенділігін көрсетіп, көптеген ұсыныстар мен пікірлерін жеткізді. •Абай ауданына қарасты кейбір шалғай елді мекендерде жастардың демалыс уақыттарын тиімді пайдалануға тегін үйірмелердің санын арттыру. •Жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, жоғарғы оқу орындарының, колледждердің түлектерін мемлекеттік бағдарламалар арқылы тұрақты жұмысқа орналастыру; •«Абай саябағында» Абай атамыздың қара сөздері мен өлеңдері жазылған аудио дыбыстарын орнатып бекітілген уақыттарда қосу.  •Жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға, талантты жастарымызды ынталандыруға “Металлург” саябағына жастарға Амфитеатр салу сынды ұсыныстар айтылды. Мегаполис жастары бүгінгі күн мен болашаққа нық сеніммен қарауы жəне жан-жақты жарасымды жетілуіне,  қаламыздың дамуына, көркейюіне жастардың ерекше қолдауы және жауапкершілігі жоғары екендігін айтып, жастардаң барлық оң бастамаларын қолдайтынын жеткізді. Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір ай бұрын Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен өткен әкім жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес отырысында шаһар басшысы жастармен айына бір рет кездесетінін айтқан болатын.

— Еліміздің болашағы жастардың қолында. Сондықтан жастарды жан-жақты қолдап, өзекті мәселелерін шешіп отыру — біздің жұмысымыздың басым бағыттарының бірі болуы тиіс. Әсіресе, жастар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылық және нашақорлықтың алдын алу, жастарды жұмыспен қамту іс-шараларын жетілдіруді, жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалану бағытындағы жұмыстарды күшейте түсу керек, — деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Осылайша, Шымкенттегі 4 ауданның жастары 4 блогқа бөлініп, олармен «Жастар ресурстық орталығында» тұрақты кездесулер өтіп тұрмақ. Осы жиын соның біреуі. Айта кетейік,Шымшаһарда 240 мыңнан астам жас бар. Жоғарғы және арнаулы оқу орындарында 10 мың студент білім алуда. Кәсіпкерлікті дамыту аясында 18 мың жасты жұмыспен қамту көзделуде.

«Anyq.kz» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.