ШЫМҚАЛА 60% КӘРІЗГЕ ҚОСЫЛАДЫ

Шымқаланың тұрғындарының жиі көтеретін мәселесінің бірі – кәріз жүйесі. Оған себепте жоқ емес. Өйткені Шымкент қаласындағы 81 елдімекеннің 19-ы кәріз жүйесіне қосылған. Биыл кәріз жүйесіне қосылатын елдімекен саны тағы да 6-ға артады.  Осылайша қаланың кәрізбен қамтылу көрсеткіші 54 пайыздан, 60 пайызға жететін болады. Аталған межеге жету үшін бүгінде 16 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Атап айтсақ, 2 магистралды кәріз коллекторы, 1 кәріз сорғы станциясы және 13 елдімекенде ішкі орамдық кәріз құбырлары тартылуда. Жауаптылар биылғы жылы қаладағы 9 нысанда құрылыс жұмыстарының басталғанын айтады. Атап айтар болсақ, қазіргі таңда Арғынбеков көшесімен Тұран ішкі магистралды коллектордың құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, Достық су сорғы станциясы қайта құрудан өтеді.

«Жыл соңына дейін Арғынбеков, Тұран магистралды кәріз коллекторларының және Достық кәріз сорғы станциясының құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі» дейді жауаптылар.
Сонымен бірге, Самал-3, Мирас-Шапағат-2, Ұлағат, Солтүстік – Шығыс, Хлопзавод, Жұлдыз тұрғын алабындағы ішкі орамдық кәріз жүйелерінің құрылысы аяқталып, осы 6 елдімекен орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылады деп жоспарлануда.

Басқарма мәліметіне сүйенсек, өткен жылы қалада «Тұран» сорғы станциясы және Самал-1 мен Наурыз шағын аудандарының ішкі жүйелерінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген. Нәтижесінде кәрізбен қамту көрсеткіші 52,3%-дан 54%-ға жеткен.

Айта кетейік, қаланың 2022-2025 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес, Шымқаланы кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 75 пайызға жеткізілмек. Қаланың оңтүстік пен солтүстік бөлігін кәрізбен қамтудың 2022-2025 жылдарына арналған жоспарына сәйкес кәріз тазалау станциясы мен сорғы станциясының коллекторлары және елді мекендерде ішкі жүйелер құрылысын жүргізу жоспарланып отыр.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. How to track the location of the other person’s phone without their knowledge? You will be able to track and monitor text messages, phone calls, location history and much more. Free Remote Tracking and Recording of Husband’s Phone Cell Phone Spy. Best Apps to Download for Free to Spy on Another Phone. https://www.xtmove.com/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.