Шымкент: Қаратау ауданының прокуратурасы есірткі қылмыстарын алдын алу мақсатында рейдтік және профилактикалық іс-шара жүргізді

«Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында Қаратау ауданының прокуратурасы аудан аумағында есірткі қылмыстарын алдын алу мақсатында рейдтік және профилактикалық іс-шара жүргізді.

Іс-шара барысында аудан аумағында қараусыз қалған гараждар мен үйлер тексерілді. Тескеру барысында Астана мөлтекауданында орналасқан қараусыз үйде «Ж» есімді азамат есірткі затын өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденіп, сақтағаны және медициналық емес мақсатта оны тұтынғаны анықталған.

Аталған факті бойынша ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Қылмыстық іс шеңберінде «Ж» есімді азамат күдікті деп танылып, іс сотқа жолданды. Соттың үкімімен «Ж» есімді азамат 80 сағат мерзімге қоғамдық жұмысқа тартылды. Одан бөлек, тергеу органы «Ж» есімді азаматты есірткі затты медициналық емес мақсатта тұтынғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-1-бабымен әкімшілік хаттама толтырды. Қараусыз қалған үйді қоршау мақсатында аудан прокуратурасы жергілікті әкімшілікке хат жолдады.

Сонымен қатар, аудан аумағында адам көп шоғырланатын ойын-сауық орталықтары мен көңіл көтеру орындарында құрамында есірткі заттары бар тыйым салынған заттарды қолдануға және таратуға болмайтындығы бойынша тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Көрсетілген іс-шаралар есірткі қылмыстарын алдын алуға оң септігін тигізуде.

Іс-шара демекші, Шымкент қаласы Патрульдік полиция полкінің командирі, полиция подполковнигі Талғат Мықтыбекұлы Дәнебеков «Бір нүктелік» іс-шарасы аясында жеке құрамға нұсқаулық берді. Ол патрульдік қызмет барысында жол қозғалысы ережелерінің сақталуын қатаң бақылауды, көлік құралдарының техникалық талаптарға сәйкестігін тексеруді және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды.

Командир өз сөзінде барлық іс-шаралар заң мен тәртіп аясында жүзеге асырылуы тиіс екенін атап өтті. Сондай-ақ, жүргізушілер тарапынан анықталған құқық бұзушылықтарға қатысты заң аясында тиісті шаралар қабылдау қажеттігіне ерекше назар аударды.

Шымкент қаласында өткен «1 нүктелік» жедел-рейдтік іс-шарасы барысында бірқатар заң бұзушылықтар тіркелді. Полицейлердің тексеруі кезінде көлік құралдарына заңсыз түрде шулы шығару құрылғылары (глушитель) мен жол қозғалысына кедергі келтіретін жарықтандыру құрылғылары (LED-фаралар) орнатылғаны анықталды. Анықталған құқық бұзушылықтар бойынша жүргізушілерге қатысты заң аясында тиісті әкімшілік шаралар қабылданды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You