Шымкент қаласы полиция департаменті ресми мәлімдеме жасады

Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Құрманбек Сахов элиталық тұрғын үйдің иесі деген Әлеуметтік желілерде таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды.

Шымкент қаласы Полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасы тарапынан жан-жақты қызметтік тексеру жүргізілді. Бейнежазбада көрсетілген үй аталған қызметкерге тиесілі емес және ешқашан тиесілі болмағаны анықталды. Мұндай жалған ақпараттың таралуы полиция қызметкерінің беделін түсіруге және ішкі істер органдарына деген сенімге нұқсан келтіруге бағытталған саналы әрекет болып табылады.

Аталған жайтқа қатысты көрінеу жалған ақпарат тарату бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысы қатаң бақылауда, кінәлі тұлғалар заңға сәйкес толық көлемде жазаланады.

Полиция полковнигі Құрманбек Сахов 25 жылдан астам ішкі істер органдарында қызмет етіп, қатардағы қызметкерден Оңтүстік Қазақстан облысы ІІолиция департаменті және Түркістан облысы Полиция департаменті бөлімшелерінің басшысына дейінгі жолдан өтті. Қызмет еткен жылдары өзін тек оң жағынан көрсете білді, II дәрежелі “Айбын” орденімен, ведомстволық медальдармен және Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Шымкент қаласы полиция департаментінің тыныс-тіршілігіне қатысты тағы бір ақпаратты назарларыңызға ұсынсақ. Департаменттің жеке құрамы Ішкі істер министрлігінің тәлімгерлер кеңесінің мүшесі, ҚР “Генералдар кеңесі” қоғамдық бірлестігінің Президумының төрағасы, генерал-лейтенант Бексұлтан Сәрсекұлы Сәрсековпен кездесті.

Генерал өз қызмет тәжірибесімен бөлісіп, тәртіпті нығайту және полиция жұмысының тиімділігін арттыру бойынша практикалық ұсыныстар берді. Іс-шараға Полиция департаменті басшылығы, тәлімгерлер кеңесі және ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты. Полицейлер генералдың нұсқаулары күнделікті жұмыста қолданылатынын атап өтті.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You