Шымкент қаласында құқық қорғау органдарының ұйымдастыруымен «Ата заң — ел тірегі» тақырыбында іс-шара өтті

Бүгін қаланың “Наурыз” алаңында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Заң мен Тәртіп» атты іс-шара ұйымдастырылды.

“Ата заң — ел тірегі” тақырыбында өткен іс-шараға қала әкімдігі мен прокуратура, Полиция департаменті мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті, Экономикалық тергеп-тексеру һәм Қылмыстық атқару жүйесі, Мемлекеттік кірістер департаменттері, 6506 әскери бөлімі, Төтенше жағдайлар департаменті және ІІМ-нің Бауыржан Момышұлы атындағы оқу орталығының өкілдері қатысты.

Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталды. Қала прокуроры Ғабит Мұқанов құттықтау сөз сөйлеп, құқықтық мемлекеттің қалыптасуындағы Конституцияның маңыздылығын атап өтті. Конституцияның азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі ретіндегі ерекше рөлін атап өтіп, өткен онжылдықтар ішінде Ата Заңымыз мемлекеттің тұрақты дамуының берік құқықтық негізіне айналғанын айтты.

Бұл іс-шара — қатысушылардың заңдылық, құқықтық тәртіп және халыққа қызмет ету қағидаттарына адалдығын көрсеткен патриоттық флешмоб болды. Жиын барысында еліміздің Тәуелсіздігін, азаматтардың құқықтарын және мемлекеттіліктің негіздерін бейнелейтін Конституцияның макеті көрсетілді.

Мерекеге орай құқық қорғау органдарының бірқатар қызметкерлері заң үстемдігін қамтамасыз етуге қосқан үлестері үшін Бас прокурор мен қала прокурорының Алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар қатысушы органдарға Конституцияның кітапшалары салтанатты түрде табыс етілді. Іс-шара концерттік бағдарлама мен патриоттық әндерге ұласты. Іс-шара патриотизм, ведомствоаралық өзара іс-қимыл және мемлекеттік негіздерге деген құрмет рухында өтті.

Бұдан бөлек бүгін қала прокуратурасының бастамасымен Әл-Фараби ауданының прокуратурасы Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Заң мен Тәртіп» идеологиясын арттыру жөнінде Шымкент қаласы «Арбат алаңында» мемлекеттік және құқық қорғау органдары қатысуымен аудан тұрғындарымен қоғамдық қабылдау өткізді. Құзырлы органдардың жеке қабылдауында тұрғындардың талап-тілектері, көкейінде жүрген өзекті сұрақтары тыңдалып, құқықтық түсіндірмелер берілді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You