Шымкент қаласында полицейлер мектеп оқушыларымен профилактикалық кездесулер өткізді

Енді рет-ретімен баяндасақ. Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші аудандық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздіктің алдын алу мақсатында мектеп оқушыларымен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Шара барысында тәртіп сақшылары жасөспірімдерге құқық бұзушылықтың салдары, көшеде және қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау ережелері, интернеттегі қауіпсіздік пен зиянды әдеттердің алдын алу жолдары жөнінде ақпарат берді. Сондай-ақ, оқушыларға төтенше жағдай туындаған кезде қайда хабарласу қажеттігі түсіндірілді.

Полицейлердің айтуынша, мұндай кездесулердің негізгі мақсаты – балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылыққа бейімделмеуін қамтамасыз ету және олардың қауіпсіздігін сақтау.

Мұнан өзге Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының ЖПҚБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Д.Бекболатұлы 1 ТАЛАНТ мектебінде профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мектеп оқушыларына профилактикалық түсіндірме жұмыстары балалардың қауіпсіздігін, денсаулығын, құқықтық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ теріс қылықтардың алдын алуға бағытталған шаралар жиынтығы саналады.

Негізгі бағыттарын атап өтсек:
1. Құқықтық түсіндіру жұмыстары
• Балалардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру;
• Әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы айту;
• Заңды бұзудың салдарына мысалдар келтіру.
2. Қауіпсіздік ережелері
• Жол қозғалысы ережелері («Абайлаңыз, балалар!» акциясы);
• Өрт қауіпсіздігі, электр құралдарын дұрыс пайдалану;
• Су айдындарында және көшеде өзін ұстау ережелері.
3. Денсаулық пен салауатты өмір салты
• Темекі, ішімдік, есірткі сияқты зиянды заттардың зияны туралы әңгіме;
• Дұрыс тамақтану, спортпен шұғылдану, жеке бас гигиенасы;
• Инфекциялық аурулардың алдын алу.
4. Киберқауіпсіздік және интернет мәдениеті
• Әлеуметтік желілердегі алаяқтық түрлері;
• Жеке мәліметті қорғау;
• Интернеттегі буллингтің (қорқыту, мазақ ету) алдын алу.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You