Шымкент қаласының әкімі Түркия Республикасының елшісімен кездесті

Loading

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қазақстан Республикасындағы Түркия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұстафа Капуджумен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан мен Түркия арасындағы өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.

Тараптар өзара сенімге, сындарлы диалогқа және ортақ тарихи-мәдени құндылықтарға негізделген әріптестік байланыстардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Кездесуде сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, инвестиция тарту және бірлескен жобаларды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қала әкімі Шымкенттің инвестициялық әлеуеті мен өңірде қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып, қаланың Түркияның Балыкесир, Измир, Эскишехир және Адана қалаларымен бауырластық байланыс орнатқанын жеткізді.

Кездесу барысында Түркияның Қазақстанның негізгі стратегиялық серіктестерінің бірі екені атап өтіліп, мемлекет басшылары айқындаған өзара ықпалдастықтың жоғары деңгейі өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүмкіндік беріп отырғаны айтылды.

Бүгінде Шымкентте түрік капиталының қатысуымен бірқатар инвестициялық жобалар табысты жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, алкогольсіз сусындар өндірісі мен жылыжай шаруашылығын дамыту бағытында нәтижелі жұмыстар жүргізілуде. Қала әкімдігі түрік бизнесінің қатысу аясын одан әрі кеңейтуге және инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

Кездесу соңында қала әкімі Түркия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұстафа Капуджуға мазмұнды әрі нәтижелі кездесу үшін алғыс айтып, екіжақты өзара тиімді ынтымақтастықтың алдағы уақытта да нығая беретініне сенім білдірді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You