Шымкент: Прокуратура органдары ұйымдастырған рейдтік шаралар нәтижелі

Еңбекші ауданының прокуратурасы балалардың құқықтарын қорғау және алимент төлемей жүрген борышкерлерден қарызды өндіру мақсатында кешенді шараларды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.

Осы мақсатта прокуратураның бастамасымен уәкілетті органдар мен жеке сот орындаушыларының қатысуымен рейдтік іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында борышкерлердің атына тіркелген жылжымалы мүліктері, соның ішінде автокөліктері тексерілді. Нәтижесінде алимент төлемей жүрген бірнеше азамат анықталып, 4 автокөлік арнайы айыптұраққа қойылды. Сонымен қатар, мемлекет пен баланың мүддесін қорғау мақсатында 2 359 986 теңге көлемінде алимент қарызы өндірілді.

Биыл алимент төлеушілер үшін өзгерістер енгізілді. Енді алимент сомасын азайту туралы істерді қарау кезінде сот міндетті түрде мына жағдайларды ескеруге тиіс: Жұмыссыз қалу немесе жалақы мөлшерінің азаюы; Жалпы материалдық жағдайдың нашарлауы; Алимент төлеушінің отбасылық жағдайындағы өзгерістер.

Бұрын алимент төлеушінің қаржылық қиындықтары ескерілмейтін еді, бірақ қолданыстағы кодекс мұндай өзгерістерді заңды негіз ретінде қарастыруды талап етеді.

«Қазақстандағы алимент мөлшері қандай?» деген келсек. Ата-аналар өзара келісімге келмеген жағдайда, алимент мөлшері сот арқылы белгіленеді: Бір балаға – табыстың төрттен бірі; Екі балаға – табыстың үштен бірі; Үш және одан да көп балаға – табыстың немесе басқа да кірістің жартысы.

Аудан прокуратурасының жауаптылары алименттен жалтару – тек азаматтық міндеттемені орындамау емес, сонымен қатар заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғатынын ерекше атап өтті. «Баланың құқығы – мемлекет қорғауында, сондықтан бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады», — дейді олар.

Ал Абай ауданының прокуратурасы тарапынан «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында есірткі қылмыстарының алдын алу бағытынды рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды.

Рейд барысында Қайнарбұлақ саяжайындағы 13 қараусыз үй тексеріліп, есірткіден масаң күйде жүрген 1 азамат анықталды. Сонымен қатар, Игілік мөлтек ауданында есірткі заттарын сақтау фактілері бойынша 2 қылмыстық іс тіркелді. Аудан тұрғындарына есірткі заттарының зияндығы және қылмыстық жауаптылық салдары түсіндірілді.

Сонымен бірге ойын-сауық мекемелерінен «еліткіш газ» қолданатыны анықталып, 41 сұйытқыш газ баллоны тәркіленді. Аталған бағытта жұмыстар өз жалғасын табады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You