Шымкент шаһарында «Әйел. Құқық. Қорғаныс» тақырыбында нәзік жандыларға арналған қауіпсіздік курсы басталды

Сонымен, бүгін Александр Сергеевич Пушкин атындағы Шымкент қалалық әмбебап кітапханасында әйелдерге арналғанӘЙЕЛ. ҚҰҚЫҚ. ҚОРҒАНЫСатты бес күндік өзінөзі қорғау курсының алғашқы күні өтті.

Аталған курс семинар-тренинг форматында ұйымдастырылып, қатысушыларға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түрлері мен оның психологиялық және құқықтық салдары, сондай-ақ медиация ұғымы мен оның қолдану аясындағы өзекті мәселелер бойынша теориялық және практикалық ақпарат ұсынылды. Курсқа қатысушылармен психолог, ағартушы, жеке кәсіпкер, педагог-тренер Алтынбек Срайылұлы Боранбек және заңгер, кәсіби медиатор Айжан Өмірзаққызы Кесебай арнайы кездесу өткізіп, өз салалары бойынша маңызды әрі мазмұнды ақпараттармен бөлісті. Сонымен қатар, қатысушылар үшін шағын кофе-брейк ұйымдастырылып, еркін пікір алмасуға жағдай жасалды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – әйелдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, өзін-өзі қорғау дағдыларын қалыптастыру және қауіпсіз, қорқынышсыз өмір сүруіне қолдау көрсету.

Бес күнге жоспарланған курс аясында ертеңнен бастап қатысушылар үшін арнайы практикалық сабақтар өтеді. Жаттығу сабақтары барысында әйелдер нақты қорғану әдістерін үйреніп, өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдарын меңгеретін болады.

​Орайы келгенде атап өтер тағы бір жайт, бүгін Шымкент қаласы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасына қарасты Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының қызметкерлері мен Әл-Фараби АПБ-ның учаскелік полиция инспекторлары бірлесіп, «ҚР зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» заңының 20-бабын басшылыққа ала отырып, «қорғау нұсқама» санатымен профилактикалық есепте тұрған тұлғалардың тұрғылықты мекенжайы бойынша кезектен тыс тексеріп, олармен профилактикалық мәні бар түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында олардың тұрмыс жағдайы тексеріліп, құқық бұзушылықтың алдын алу мен заң талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылыққа жол бермеу және қадағалаудағы азаматтарды әлеуметтік оңалтуға жәрдемдесу мақсатында тиісті шаралар қабылданды. Профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You