ШЫМКЕНТТЕ АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ 2023 ЖЫЛЫ ТОЛЫҚ ШЕШІЛЕДІ

«Республикалық маңызы бар қала – үшінші мегаполис атанған Шымкентте ауыз су мәселесі келесі жылы толық шешімін табатын болады. Яғни, 2023 жылы Шымкент қаласының тұрғындарын 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамтылады».  Құзырлылар осылай деп уәде етіп отыр.

 Тілге  тиек етейік, соңғы үш жылда еліміздегі республикалық маңызы бар үшінші қалада 853,5 шақырым жол төселді. Бұрын мұнша көлемдегі жол 10 жылда салынған. Мұнан бөлек шаһардың инфрақұрылымы да  қарқынды дамуда.  2023 жылы бұл саладағы тұрғындарды мазалаған өзекті мәселелер толық шешіледі деп жоспарлануда. Соның бірі – сапалы ауыз су мәселесі.

Айта кетейік, бүгінде қаладағы 81 елдімекеннің 78-і сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген.  3 елдімекен ауыз суды кестемен тұтынып келеді. Атап айтқанда, Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ тұрғын алаптары.

 Қазіргі таңда қалада ауыз су бағыты бойынша барлығы 7 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

2022 жылдың қорытындысымен Құрсай 1,2, Асар-2, Нұртас ВС, Текесу елдімекенінде құрылыс жұмыстары аяқталып, 11 мыңнан астам адам ауыз сумен қамтылады. Осылайша, қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту көрсеткіші 98 %-дан 99%-ға жетеді.

 Сондай-ақ, ауыз суды кестемен пайдаланатын Сайрам және Қайнарбұлақ елдімекендерін ауыз сумен қамту құрылысы және ағымдағы жөндеу жұмыстары биыл басталып, 2023 жылы пайдалануға берілетін болады.

«2023 жылға дейін халық 100 пайыз сапалы ауыз суға, 100 пайыз табиғи газға, 2025 жылға дейін 100 пайыз сапалы электр қуатына қосылады» деген сала басшылары бүгінде халықты сапалы ауыз сумен қамту ең маңызды әлеуметтік мәселенің бірі болып отырғанын айтады. Сондықтан тіршілік көзін қолжетімді ету үшін қалада кешенді жұмыстардың атқарылып жатқанын тілге тиек етуде.  Қала тұрғындарының қолайлы және жайлы өмір сүруіне жағдай жасау мақсатында қала әкімі ауыз сумен қамту мәселесін жіті бақылауына алғанын да айта кету керек.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы үш жылда 18 тұрғын алабы ауыз суға қосылып, 60 мың адам сапалы ауыз сумен қамтылған. 7 тұрғын алабы табиғи газға қосылып, 29 500 адам көгілдір отынға қол жеткізген.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. Mobile Phone Monitoring App — hidden tracking app that secretly records location, SMS, call audio, WhatsApp, Facebook, Viber, camera, internet activity. Monitor everything that happens in mobile phone, and track phone anytime, anywhere.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.