Түркістан қалалық мәслихатының кезектен тыс XLV сессиясы өтті

Loading

Түркістан қалалық мәслихатының кезектен тыс қырық бесінші сессиясы өтіп, оған қалалық мәслихаттың төрағасы Ғаппар Амантайұлы төрағалық етті. Жиынға қала әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов пен мәслихат депутаттары, дербес бөлім басшылары және жауапты сала мамандары қатысты.

Сессия барысында Түркістан қаласында әлеуметтік көмек көрсету тәртібін жетілдіруге қатысты мәселелер қаралды. Атап айтқанда, әлеуметтік көмек көрсетудің қағидаларын, оның мөлшерлерін белгілеуді және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау, сондай-ақ Түркістан қаласы әкімдігінің дербес құрамына келісім беру мәселелері талқыланды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша депутаттар өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, жауапты сала өкілдері тарапынан тиісті түсіндірмелер берілді. Талқылау нәтижесінде ұсынылған жобалар депутаттардың бірауыздан қолдауына ие болып, тиісті шешімдер қабылданды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік әділеттілік пен халықтың әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі екенін үнемі атап келеді. Президенттің тапсырмасына сәйкес Үкімет әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру, атаулы көмектің тиімділігін арттыру және жергілікті өкілді органдардың жауапкершілігін күшейту бағытында кешенді жұмыстар жүргізіп жатыр. 2026 жылы да әлеуметтік төлемдерді индекстеу, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау және өңірлердің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға республикалық бюджеттен қомақты қаражат қарастырылған. Осы тұрғыдан алғанда, Түркістан қалалық мәслихатында әлеуметтік көмек көрсету тәртібі мен мұқтаж азаматтарды қолдау тетіктерінің қаралуы – мемлекеттік әлеуметтік саясаттың өңірлік деңгейде тиімді іске асырылып жатқанын көрсетеді. Өйткені жергілікті мәслихаттар қабылдайтын әрбір шешім тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге және «Әділетті Қазақстан» қағидаттарын нақты істер арқылы жүзеге асыруға қызмет етеді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You