![]()
Түркістан қаласында атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алу деректерінің алдын алу және бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Түркістан қаласы әкімдігі таратқан мәліметтерге сүйенсек, 2025 жылы заңсыз алынған атаулы әлеуметтік көмек бойынша 32 талап арыз сотқа жолданып, нәтижесінде барлық іс бойынша қаражатты мемлекет бюджетіне қайтару туралы сот шешімдері шығарылды. Бүгінде 18 азамат заңсыз алған 4,57 миллион теңгеге жуық қаражатты толық қайтарды. Қалған 14 азамат бойынша 2,26 миллион теңгеден астам қаржыны өндіріп алу жұмыстары жеке сот орындаушылары арқылы жүргізілуде.
Ал 2026 жылы атаулы әлеуметтік көмек алушылардың жұмыспен қамтылуының шынайылығын зерделеу үшін арнайы жұмыс тобы құрылды. Жүргізілген зерделеу нәтижесінде 21 азаматтың көрсетілген жеке кәсіпкерліктерде іс жүзінде жұмыс істемейтіні анықталды.
“Қазіргі таңда 11 отбасы бойынша қайта есептеу жүргізіліп, негізсіз тағайындалған 3,1 миллион теңгеден астам қаражатты мемлекет бюджетіне қайтару жөнінде хабарламалар берілді”, — дейді жауаптылар.
“ANYQ.KZ”-ақпарат.
