Түркістан облысы: Ордабасы ауданында 60 абонент “көгілдір отынға” қосылды

Loading

Ордабасы ауданында инфрақұрылымды дамыту бағытында Төрткүл ауыл округіне қарасты Жайылма ауылы табиғи газбен қамтылып, тұрғындар көптен күткен игілікке қол жеткізді. Бүгінде ауылдағы 60 абонент “көгілдір отынға” қосылды.

Салтанатты шараға аудан әкімі Азат Оралбаев пен аудандық маслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, мердігер мекеме – «Евро-Құрылыс» ЖШС өкілдері, ауыл ақсақалдары мен ауыл тұрғындары қатысты.

Іс-шара барысында аудан басшысы ауыл тұрғындарын құттықтап, бұл бастама елді мекендердің тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстардың нәтижесі екенін атап өтті. Өз кезегінде ауыл тұрғындары қуаныштарын білдіріп, атқарылған жұмыстар үшін алғыстарын жеткізді.

Айта кетейік, Жайылма ауылын табиғи газбен қамтамасыз ету жобасының нәтижесінде Ордабасы ауданындағы газдандыру деңгейі артып, қамту көрсеткіші 77,2 пайызға жетті.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You