Түркістан облысы: Отырар ауданында халықтың қауіпсіздігіне жауаптылар заңсыз жолаушылар тасымалдайтын көліктермен күрес жалғастырып жатыр

Түркістан облысы әкімдігінің «Заңсыз жолаушылар тасымалымен айналысатын автокөліктердің жұмысына тосқауыл қою» тапсырмасына бойынша Отырар ауданында құрылған тұрақты мобильдік топ құрамы заңсыз жолаушылар тасымалымен айналысатын қоғамдық көліктерге рейдтік іс-шара ұйымдастырды.

Ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мен аудандық полиция бөлімінің және аудандық ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері рейдтік шара барысында 12-ден астам шағын жолаушылар көлігін тоқтатып, құжаттарын тексерді. Нәтижесінде бағыттардың қозғалыс кестесі және сызбалары жоқ екені анықталды.

Жалпы, рейдтік шарада ҚР Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйесімен интеграцияланған планшеттермен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу, жолаушыларды және жүк тасымалдау қағидаларын сақтамау баптары бойынша 10-нан аса әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұлдар салынды.

Айта кетейік, алдағы уақытта рейдтік іс-шаралар жалғасатын болады.

Бұдан бөлек Отырар ауданы Шәуілдір ауылы аумағында кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтар мен түрлі оқыс оқиғалардың, түнгі мезгілдерде көшелер мен қоғамдық орындарда беймезгіл жүрмеуін қадағалау, алдын алу және болдырмау мақсатында «Жастар ресурстық орталығы» КММ мамандары мен аудандық полиция бөлімі қызметкерлері бірлесе отырып, аудан орталығындағы компьютерлік ойынханалар мен дүкендерде түнгі рейдтік шараларын жүргізді.

Шара барысында кәмелетке толмаған жасөспірімдерге спирттік және темекі өнімдерін сатпау жөнінде аудан орталығындағы дүкен иелеріне арнайы ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша түнгі рейдтік шарлар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You