Түркістан облысындағы қоғамдық-саяси ахуал бойынша штаб отырысы ұйымдастырылды

Loading

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалға арналған кезекті штаб отырысы өтті. Жиынға құқық қорғау органдарының өкілдері, басқарма басшылары қатысты.

Кездесу барысында өңірдегі қоғамдық ахуалды тұрақты бақылауда ұстау, тұрғындармен кері байланысты күшейту, қоғамдық орындарда құқықтық тәртіп пен мәдениетті сақтау мәселелері бойынша ұсыныстар айтылды.

Жиын қорытындысында облыс әкімінің орынбасары өңірдегі қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтау – баршаға ортақ міндет екені атап өтіп, алдағы уақытта да қоғамдық-саяси ахуалды тұрақты бақылауда ұстап, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасатынын айтты. Тиісті сала басшыларына халықтың әлеуметтік сұраныстарын дер кезінде анықтап, нақты шешімдер қабылдау, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстарды жалғастыру жөнінде тапсырмалар берілді.

Бұдан бөлек бүгін «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде тұрғындардың өтініштері мен өзекті мәселелерін тыңдау үшін облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың қатысуымен кезекті жеке қабылдау өтті.

Қоғаммен тікелей байланыс орнату мақсатында өткен бұл кездесу барысында халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелер талқыланып, нақты ұсыныстар тыңдалды. Қабылдауға алдын ала жазылған азаматтар мәдениет, руханият салары мен әлеуметтік мәселелер бойынша өтініш-шағымдарын жеткізді.

Ертай Кенжебекұлы қабылдауға жазылған облыс тұрғындарының өтініштерін мұқият тыңдап, мәселелерді шешудің заңды жолдарын түсіндірді. Жауаптылар да қабылдауға қатысып, көтерілген сұрақтар бойынша тиісті түсіндірмелер берді. Өз кезегінде облыс әкімінің орынбасары тиісті сала өкілдеріне кейбір мәселелердің заңдылығын зерделеп, барынша оңтайлы әрі жылдам шешуді тапсырды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You