Түркістан өңіріндегі облыстық маңызы бар автомобиль жолдары қысқы маусымға сақадай сайланып тұр

Loading

Түркістан облысы аумағындағы жалпы пайдаланымдағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 3919,04 шақырымды құрайды. Оның ішінде, бірінші кезекте қардан тазаланатын және инертті материалдар себілетін жолдар 1943,3 шақырым болса, таулы аймақтарда орналасқан, қар қатты басып қалу қаупі жоғары учаскелер – 434 шақырым. Облыстық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша 2025-2026 жылдар аралығындағы қысқы дайындық жұмыстарын «Оңтүстік жолдары» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны жүргізуде.

Түркістан облысында 2025–2026 жылдар аралығындағы қыс мезгілінде үздіксіз жол қатынасын ұйымдастыру және қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында 127 жұмысшы жұмылдырылуда және 70 дана арнайы техника толық дайын. Жолдарды дер кезінде тазалау және көктайғақтың алдын алу үшін қажетті инертті материалдардан 6100 текше метр құм, 860 тонна тұз дайындалуда. Сонымен қатар желтоқсан айына жеткілікті 2010 текше метр құм және 490 тонна тұз қоры бар. Арнайы техникаларға пайдаланылатын жанар-жағармай отынымен қамтамасыз ету мақсатында жанар-жағармай бекеттерімен келісімшарттар жасалып, жалпы 25 тонна дизель, 15 тонна бензин отыны әзірленді.

Қыс мезгілінде тайғақ қаупі жоғары аймақтар белгіленді. Сол учаскелерге 760 «тайғақ жол» белгісі орнатылып, инертті материалдардың үйіндісі жасалды.

Төтенше жағдайлардың алдын алу және қажет жағдайда шұғыл іс-шараларды ұйымдастыру мақсатында құзырлы органдармен бірлесе шұғыл әрекет ету іс-шара жоспары әзірленді. Сонымен қатар қосалқы мердігерлермен төтенше жағдай туындаған жағдайда күш және техникамен қамтамасыз ету жөнінде меморандумдар жасалды. Жолдарды тәулік бойына бақылауда ұстау мақсатында кезекшілік кестесі бекітілді.

Ауа райының қолайсыз мезгілінде жолда қалып қойған жолаушыларға көмек көрсету мақсатында облыстық маңызы бар автомобиль жолдары бойында 4 жылыту бекеті ұйымдастырылған. Нақтырақ айтқанда, Бәйдібек ауданында «Шыбықбел», «Одаманбұлақ» жылыту бекеттері, Созақ ауданында «Ащысай», «Таскөмірсай» жылыту бекеттері бар. Бұл жылыту бекеттерін жылы күйде ұстау үшін 70 тонна көмір дайындалып, тәулік бойына кезекшілік қойылды. Төсек орынмен толық қамтамасыз етілген әр бекет бір мезгілде 40 адамды қабылдай алады.

Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарындағы үздіксіз жол қатынасын ұйымдастыру және қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің қатаң бақылауында тұр.

Түркістан облысында 2025–2026 жылдардағы қысқы кезеңде жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Оңтүстік жолдары» ШЖҚ МКК тарапынан дайындық жұмыстары толық аяқталды.

Бақылау нәтижелері бойынша облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 3919,04 шақырымды құрайды. Оның ішінде, 1943,3 шақырымы — бірінші кезекте қардан тазаланатын және құм-тұз қоспасы себілетін учаскелер. 434 шақырымы – қар басу қаупі жоғары таулы аймақтардағы жолдар.

Қысқы маусымда тәулік бойы үздіксіз жол қатынасын қамтамасыз ету үшін кәсіпорын тарапынан жұмысшылар мен 70 арнайы техника толық дайындыққа келтірілді. Қар күреу және көктайғақтың алдын алу мақсатында жеткілікті көлемде инертті материал қоры жасақталды.

«Оңтүстік жолдары» кәсіпорны қыс мезгілінде жолдардың ашық әрі қауіпсіз болуын қамтамасыз ету үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырып, барлық қажетті шараларды жүзеге асыруды жалғастырады.

Сонымен, Түркістан облысындағы республикалық жолдар қысқы маусымға толық дайын. Дәлірегі, Түркістан облысы аумағындағы 678 шақырым республикалық маңызы бар жолдар алдағы қысқы кезеңге толық дайындалды.

Арнайы техникалар:

  • 36 бірлік КДМ;
  • 9 автогрейдер;
  • 6 жүк артқыш техникасы.

Инертті материалдар қоры:

  • Тұз – 7000 тонна;
  • Шағал тас (отсев) – 9600 текше метр;
  • Химиялық реагент – 46 тонна.

Барлық қажетті техника, материалдар және жиынтықтар уақытылы дайындалып, республикалық маңызы бар жолдарда қыс мезгілінде қауіпсіз және үздіксіз қозғалысты қамтамасыз ету бойынша дайындық 100% орындалды.

Осы ретте Қазығұрт ауданында «Қыс–2025» командалық штабтық оқу-жаттығуы өтті. Іс-шара қысқы кезеңде төтенше жағдайлар туындаған жағдайда авариялық-құтқару қызметтері мен азаматтық қорғау құрылымдарының өзара іс-қимылын пысықтау мақсатында ұйымдастырылды. Оқу-жаттығу барысында жолда қалған автокөліктер мен адамдарды құтқару, жылжымалы жылыту пункттерін орналастыру және қажетті көмек көрсету іс-әрекеттері тәжірибелік тұрғыда көрсетілді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You