Түркістан шаһарында мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама өзгерістері түсіндірілді

Loading

Түркістан қаласы әкімдігінде мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістерді түсіндіруге арналған жиын өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасы өкілдері қатысып, мемлекеттік қызметшілерге қолданыстағы заң талаптарын сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жиынның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамалық өзгерістер туралы жан-жақты ақпарат беру, қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған талаптарды күшейту. Бұл ретте мемлекеттік қызметшілердің өз міндеттерін заң талаптарына сәйкес орындауы, қызметтік әдеп нормаларын сақтауы және кәсіби жауапкершілікті сезінуі маңызды екені атап өтілді.

Кездесу барысында мемлекеттік қызметті өткеру тәртібіне, қызметшілердің құқықтары мен міндеттеріне қатысты заңнамадағы негізгі өзгерістер түсіндірілді. Сонымен қатар қызметтік әдеп талаптарын сақтау, мүдделер қақтығысының алдын алу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына жол бермеу және мемлекеттік қызметтегі заңдылықты қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Мемлекеттік қызметшілердің күнделікті жұмысында заң нормаларын дұрыс қолдануы басқарушылық шешімдердің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз етудің маңызды шарты екені айтылды. Осыған байланысты заң талаптарын тек білу емес, оларды практикалық қызметте дұрыс қолдану қажеттігі түсіндірілді.

Жиын соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы тәжірибеде қолдануға қатысты нақты жауаптар алды. Мұндай түсіндіру кездесулері мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәдениетін арттырып, мемлекеттік аппараттағы заңдылық пен адалдық қағидаттарын нығайтуға бағытталған.

“ANYQ.KZ”-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You