«Тұран Балаfest 2022» атты балалар фестивалі өтті

Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасау қажеттігін айта келе, Барыс жылын яғни 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялаған болатын. Қазақстан Республикасында балалар жылы аясында Түркістан облысында «Тұран Балаfest 2022» атты балалар фестивалі болды.
Фестиваль мақсаты-балалардың шығармашылық, зияткерлік қабілеттерін дамыту және қолдау, оларды белсенді демалыс пен спортқа тарту, облыста мерекелік атмосфера құру.
Фестивалдің аясында Төлеби ауданыны, Біркөлік елді мекеніндегі «Робинзон» лагерінде жалпы білім беретін мектептер арасында «Бояулар құпиясы» атты жас суретшілер сайысының облыстық кезеңі өтті. Сайысқа Сайрам, Сарыағаш, Қазығұрт, Төлеби, Түлкібас аудандарынан 43 қылқалам шеберлері қатысты.
Байқау мына номинациялар бойынша өткізілді.
1)«Менің елім — менің жерім»:
— классикалық кескіндеме (портрет, пейзаж), әр жас санатынан – 1 қатысушыдан:-тақырыптық натюрморт (халықтық тұрмыстық заттардың немесе халық кәсіпшілігі мен қолөнер бұйымдарының бейнесі) әр жас санатынан – 1 қатысушы;
2) «Таланттар палитрасы»:-авангард және эксперименттік кескіндеме – кез-келген композициялық шешім, әр жас санатынан – 1 қатысушыдан;
— сюжеттік композиция («Жер бетіндегі үздік демалыс», «Менің әуестігім», «Мен және менің отбасым»), әр жас санатынан – 1 қатысушыдан. Сайыс қорытындысына сәйкес Сайрам ауданы бойынша Асанова Бенозир – 1-ші орын, Мұсабек Назгүл – 1-ші орын, Туламетова Зухра – 2-ші орын, Мади Дәулет – 2-ші орын, Отан Шұғыла – 3-ші орын, Дүйсенбек Сымбат – 3-ші орын алды.
Сарыағаш ауданы бойынша Аман Ақбота 1-ші орын, Қали Ақбота 2-ші орын, Усер Қымбат 2-ші орын, Абдували Айдана 3-ші орын, Сейдраман Әсел 3-ші орын алды. Қазығұрт ауданы бойынша Оңалбай Мейіржан 1-ші орын, Әбдірәсіл Балнұр 1-ші орын, Оразбай Азамат 2-ші орын, Қорғанбай Диана 2-ші орын, Жарқынбек Әсемай 3-ші орын, Тастан Жасұлан 3-ші орын алды. Төлеби ауданы бойынша Рахманалиев Мардан 1-ші орын, Бекпатша Майра 1-ші орын, Эралиева Фазилад 2-ші орын, Мирзаматова Севара 2-ші орын,
Шәріпбай Динара 3-орын, Илашбекова Ойдана 3-ші орын, Абдумуслимов Хусан 3-ші орын алды. Түлкібас ауданы бойынша Нұрлан Лунара 1-ші орын, Шалабаева Сәуле 2-ші орын, Баратбек Інжу 2-ші орын, Жорабек Жанәсіл 3-ші орын алды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. Para esclarecer completamente suas dúvidas, você pode descobrir se seu marido está traindo você na vida real de várias maneiras e avaliar quais evidências específicas você tem antes de suspeitar que a outra pessoa está traindo.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.